ГУ «Дом детского и юношеского творчества Мендыкаринского района»
Официальный интернет-ресурс

“Жас тұлпар” облыстық оқушылар айтысы

Previous Next

Наурыз айының 26-жұлдызында Қостанай қаласында “ l KOSTANAI”смарт орталығында жыл сайын дәстүрге айналған  “Жас тұлпар” облыстық оқушылар айтысы биыл да өз жалғасын тапты. 34-рет ұйымдастырылып отырған  айтыс биыл “Астықтың астанасы,достықтың баспанасы -Қостанайым”  тақырыбында   Қостанай облысының 90-жылдығына арналып өткізілді . Бұл айтыста Меңдіқара ауданының намысын қорғаған өнерпаздарымыз Серікбай Азат Медетұлы және Сағындықова Айгерім Есентайқызы осы айтысқа өнер көрсетіп , алғыс хатпен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

”Ұша білген қанатқа дүние кең”-демекші жас жеткіншектерімізге өнерлеріңіз өрге жүзіп,қанаттарыңыз талмай бұдан  да биік жетістіктерге жете беріңіздер демекпіз .Сонымен қатар тәлімгерлері  Меңдіқара ауданының білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогтары Қожасағиев Байдос Серікбайұлы және Қостанай Айдос Анарбекұлына алғыс хат табысталды
Записаться на прием